Skip to main content

Бұл қалай жұмыс істейді?

Жеке VPN серверін іске қосу және интернет трафигін бақылау

Outline кез келген адамға өзінің жеке VPN серверін жасауын оңайлата отырып, әдеттегі VPN үлгісін жақсартады.

Әдеттегі VPN желілері

Әдеттегі VPN желілері оңай анықталатындықтан, оларды бөгеу де оңай.

VPN желісін пайдаланған кезде, трафик анонимді болады, бірақ танымал VPN желілері пайдаланатын белгілі бір қауіпсіздік протоколдары оңай анықталатын және бөгелетін бірегей криптографиялық қолтаңбаларды қолданады.

Құрылғыңызды әдеттегі VPN желісіне жалғаған кезде, трафигіңіз оңай анықталады. Себебі ұқсас трафик көлемі оны табуды оңайлатып, серверді бөгейді.

Outline

Басқа VPN желілері бөгелген кезде, Outline жұмыс істей береді және ол желі негізінде бөгеу не IP бойынша бөгеу секілді цензураның күрделі үлгілеріне төзімді.

Outline анықтау қиын болатын протоколды пайдалана отырып жасалғандықтан, ол төзімдірек және оны бөгеу оңай емес.

Серверді пайдалану рұқсатын сенімді топпен құпия бөлісіңіз. Серверге адам азырақ қосылса, оны анықтау қиын, ал құпиялылықты сақтау оңай болады.

Outline сіздің құпиялылығыңызды ескере отырып әзірленген.

Ол ешқашан трафигіңізді тіркемейді немесе интернетті қалай пайдаланатыныңызды бақыламайды.

Outline Manager қолданбасын жүктеп алуOutline Client қолданбасын жүктеп алу

Жеке тұлғалар және ұйымдар Outline-ды қалай пайдаланады?

Іздегеніңіз табылмай жатыр ма?

Қолдау көрсету бетіне өтіңіз.

Outline-ға қатысты сұрақ-жауап