Бастау
Бірге жұмыс істейтін екі өнім
Outline өзара байланысты екі өнімнен тұрады. Екеуі бірігіп, сіздің және қауымдастығыңыздың интернетті үздіксіз пайдалануыңызды қамтамасыз етеді.
Step 1
Outline Manager қолданбасын пайдалануды бастау
Серверіңізді компьютерге арналған Outline Manager қолданбасынан реттеңіз
Компьютерге арналған Manager қолданбасын жүктеп алып, серверіңізді реттеуді бастаңыз. Біз әзірлеген Outline қолданбасы серверіңізге қатыстының барлығын бір орыннан реттеуге мүмкіндік береді. Сенімді бұлт провайдерлерінің тізімінен таңдаңыз немесе жеке Linux инфрақұрылымын пайдаланыңыз. Көптеген бұлт провайдері айына 5 АҚШ долларын немесе одан аз ақы алады.
Manager қолданбасын жүктеп алғаннан кейін, сізден серверіңіз іске қосылатын бұлт провайдерін таңдау сұралады. Сенімді провайдерлердің бірін таңдаңыз. Мысалы, Digital Ocean, AWS немесе Google Cloud. Бұлт провайдерін таңдағаннан кейін, ол өзінің арнайы тіркеу процесіне бағыттайды, бірақ сіз серверіңізді Outline Manager қолданбасынан реттей аласыз.
Outline серверіңіз орналасатын орынды таңдауға мүмкіндік береді. Трафикті Сингапур, Германия немесе АҚШ, сонымен қатар басқа да көптеген ел арқылы бағыттаңыз.
Step 2
Рұқсат кілттерін жасау
Рұқсат кілттерін жасап, құрылғыларды жалғаңыз және оларды қауымдастығыңызбен бөлісіңіз
Серверді реттегеннен кейін, бірегей рұқсат кілттерін компьютерге арналған Manager қолданбасынан тікелей жасаңыз. Manager қолданбасы серверіңізге қосылу туралы шақыруларды таңдаулы байланыс платформасы арқылы жіберуіңізге мүмкіндік береді. Рұқсат кілттері арқылы құрылғыларыңызды Outline Manager қолданбасына жалғап, оларды серверіңізбен қорғауға болады. Әр рұқсат кілті бірегей және оны тікелей серверден басқаруға не жоюға болады. Трафик шектері әрбір кілт қанша өткізу мүмкіндігін пайдалана алатынын басқаруға мүмкіндік береді.
Серверге қосылу шақыруды қабылдау секілді оңай. Жалғағаннан кейін байланысты қолданбадан оңай қосуға және өшіруге болады.
Step 3
Компьютерге және мобильдік құрылғыға арналған Outline клиенті қолданбасын жүктеп алыңыз
Бірегей рұқсат кілтін пайдаланып жалғаңыз
Outline клиенті қолданбасын App Store немесе Google Play Store дүкенінен жүктеп алып, құрылғыларды бірегей рұқсат кілтімен жалғаңыз. Клиент қолданбасының компьютерге және мобильдік құрылғыларға арналған нұсқасы бар, сондықтан ашық интернетті кез келген жерден және кез келген құрылғыдан пайдаланып, құпия сөйлесе аласыз.
Жеке құрылғыларыңызды жалғағаннан кейін, серверге кіру рұқсатын достарыңызбен не әріптестеріңізбен бөлісе аласыз. Бірегей рұқсат кілттерін жасап, оларды қауымдастығыңыздың интернетті еркін пайдаланғысы келетін мүшелерімен бөлісіңіз. Трафик шектерін орнатып, серверді пайдалану мүмкіндігін басқарыңыз. Осылайша сіз қауымдастығыңыздың өткізу мүмкіндігін тым көп пайдаланатын мүшесіне серверді пайдалану бойынша шектеу қоя аласыз.
Басқа сілтемені пайдаланыңыз. Клиент жүйесін іске қосу үшін талаптар туралы біліп алыңыз.