Сұрақ-жауап
Сұрақ-жауап
Іздегеніңіз табылмай жатыр ма?
Қосышма техникалық көмек алу үшін Анықтамалық орталыққа өтіңіз.
Жоқ, Outline деген VPN емес. Ол арқылы пайдаланушылар өзінің жеке VPN серверін реттей және басқара алады.
- Outline оңай анықтауға және бөгеуге болатын әдеттегі VPN протоколдарына қарағанда байланыс орнатуды қажет етпейтін, ешнәрсеге ұқсамайтын протоколды пайдаланады.
- Кіру рұқсатын жеке тарату. Цензор оңай кіріп, бөгегісі келген серверлердің тізімін жасай алатын баршаға ашық VPN протоколдары сияқты емес.
- Бөгелген серверді Outline арқылы қайта жасау оңай.
Рұқсат кілттерін тек Outline Manager арқылы жасауға болады. Outline Manager арқылы серверді реттеген адамға хабарласыңыз немесе жеке серверіңізді реттеп, өзіңізге рұқсат кілтін жіберіңіз.
Outline-ды киберқауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз екі компания тексерген. Олардың есептерін мына жерден оқыңыз: Radically Open Security (2018 жылғы наурыз, 2022 жылғы желтоқсан), Cure53 (2018 жылғы желтоқсан, 2024 жылғы қаңтар).
Жеке ақпаратты өзіңіз ұсынбасаңыз, Outline қолданбасы оларды жинамайды. Сондай-ақ Outline қолданбасы кірген веб-сайттарыңыз немесе кіммен сөйлескеніңіз туралы ақпаратты да жинамайды. Жиналатын деректер туралы толығырақ ақпарат алу үшін осы қолдау қызметінің мақаласын оқыңыз.
Outline Manager қолданбасы арқылы бұлт провайдері бар есептік жазба жасайтын не оған кіретін болсаңыз, біз электрондық пошта мекенжайыңыз, аты-жөніңіз, төлем деректемелері және төлем туралы мәлімет сияқты бұлт провайдеріне жіберілетін ақпаратты жинамаймыз.
Қажеттілігіңізге және бюджетіңізге қарай бұлт қызмттері провайдерін таңдаңыз. Google және Amazon Web Services сенімді провайдерлер болып табылады. Ең арзан айлық жоспарлардың бірін Digital Ocean ұсынады және көптеген пайдаланушы оны реттеудің өте оңай екенін мәлімдейді.
Рұқсат кілттерін Manager арқылы тікелей бөлісе аласыз. Рұқсат кілтін бөлісу опциясын басқан кезде, алушыға кілтті қабылдау, Client-ті жүктеп алу, Outline серверіне қосылу туралы нұсқаулар берілген автоматты толтырылған хабары бар шақыру пайда болады. Алушыға рұқсат кілтін және нұсқауларды жіберу үшін оның электрондық мекенжайын не телефон нөмірін білуіңіз қажет.
Тегін ұсынылатын көптеген VPN желісінде деректеріңізге кім кіре алатынын білмейсіз. Сондай-ақ олар деректеріңізді бөліседі не сатады немесе желіні қалай пайдаланғаныңызды бақылайды. Қауіпсіздік жөніндегі кейбір мамандар тегін ұсынылатын көптеген танымал VPN желілері мемлекеттік органдардың не басқа бақылаушылардың "артқы есіктен" кіруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар оларды бөгеу не анықтау еш қиын емес.
Outline қызметі ашық кодты және тегін болғанына қарамастан, біздің брендіміз Jigsaw меншігі саналады және оны теріс пайдалануға болмайды. Outline немесе Jigsaw қызметіне қатысты жаңылыстыруы ықтимал мәлімдемелер жасамау не қате сипаттама бермеу және мақұлданған бренд элементтерін дұрыс қолдану үшін мына пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығып, оны орындаңыз.