Сұрақ-жауап
Сұрақ-жауап
Іздегеніңіз табылмай жатыр ма?
Қосышма техникалық көмек алу үшін Анықтамалық орталық өтіңіз.
Outline деген VPN бе?
Жоқ, Outline деген VPN емес. Ол арқылы пайдаланушылар өзінің жеке VPN серверін реттей және басқара алады.
Әдеттегі VPN-ге қарағанда Outline-ды бөгеу неліктен қиынырақ?
Outline оңай анықтауға және бөгеуге болатын әдеттегі VPN протоколдарына қарағанда байланыс орнатуды қажет етпейтін, ешнәрсеге ұқсамайтын протоколды пайдаланады.
Кіру рұқсатын жеке тарату. Цензор оңай кіріп, бөгегісі келген серверлердің тізімін жасай алатын баршаға ашық VPN протоколдары сияқты емес.
Бөгелген серверді Outline арқылы қайта жасау оңай.
Outline қолданбасын жүктеп алдым, бірақ менде рұқсат кілті жоқ. Рұқсат кілтін қайдан аламын?
Рұқсат кілттерін тек Outline Manager арқылы жасауға болады. Outline Manager арқылы серверді реттеген адамға хабарласыңыз немесе жеке серверіңізді реттеп, өзіңізге рұқсат кілтін жіберіңіз.
Outline қауіпсіз бе?
Жеке деректерім үшін алаңдап отырмын. Қандай деректер жиналады?
Бұлт қызметтері провайдерін қалай таңдаймын?
Қажеттілігіңізге және бюджетіңізге қарай бұлт қызмттері провайдерін таңдаңыз. Google және Amazon Web Services сенімді провайдерлер болып табылады. Ең арзан айлық жоспарлардың бірін Digital Ocean ұсынады және көптеген пайдаланушы оны реттеудің өте оңай екенін мәлімдейді.
Рұқсат кілтін қалай бөлісуге болады?
Рұқсат кілттерін Manager арқылы тікелей бөлісе аласыз. Рұқсат кілтін бөлісу опциясын басқан кезде, алушыға кілтті қабылдау, Client-ті жүктеп алу, Outline серверіне қосылу туралы нұсқаулар берілген автоматты толтырылған хабары бар шақыру пайда болады. Алушыға рұқсат кілтін және нұсқауларды жіберу үшін оның электрондық мекенжайын не телефон нөмірін білуіңіз қажет.
Көптеген VPN тегін ұсынылады. Жеке VPN-ді Outline арқылы іске қосу үшін неге ақы төлеуім қажет?
Тегін ұсынылатын көптеген VPN желісінде деректеріңізге кім кіре алатынын білмейсіз. Сондай-ақ олар деректеріңізді бөліседі не сатады немесе желіні қалай пайдаланғаныңызды бақылайды. Қауіпсіздік жөніндегі кейбір мамандар тегін ұсынылатын көптеген танымал VPN желілері мемлекеттік органдардың не басқа бақылаушылардың "артқы есіктен" кіруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар оларды бөгеу не анықтау еш қиын емес.
Outline брендін пайдалануыма не көшіруіме бола ма?
Outline-ның иесі және оны басқарушы кім?
2026 жылы Outline-ға меншік ету құқығы Outline Foundation тәуелсіз коммерциялық емес ұйымына ауысты. Outline-ды 2018 жылы Google-дың Jigsaw атты инкубаторы іске қосты. Outline қауымдастықтың қосқан үлесі арқасында дамитын тегін, ашық кодты жоба болып қала береді.