Таныстырамыз: Outline SDK – желідегі кедергіге қарсы төзімділік деңгейін жоғарылатуға арналған озық стратегиялар Толық ақпарат

Тегін және ашық интернетті пайдалану

Outline қолданбасы тегін және ашық интернетті кез келген адамның пайдалануына мүмкіндік бере отырып, VPN серверін жасауды жеңілдетеді.

Outline қолданбасын жүктеп алу

Интернет цензурасы соңғы онжылдықта қарыштап дамып келеді.

Outline арқылы кез келген адам өзінің жеке VPN серверін іске қосып, тегін әрі ашық интернетті қауіпсіз пайдалана алады. Жеке VPN серверіңізді Outline арқылы іске қоссаңыз, интернетті қауіпсіз пайдалана аласыз және бұл оңай блокталмайтын байланысты орнатады.

Неге VPN-ді пайдалану керек?

VPN желілері байланыс құпиялығын сақтау және ашық интернетті пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін пайдалы. Бірақ көптеген VPN провайдерінде оны кім бақылайтынын және деректеріңізге кім кіре алатынын біле бермейсіз.

Бүгінге дейін жеке VPN серверін жасау күрделі процесс болып келді.

Неге Outline?

Outline кез келген пайдаланушыға VPN-ді жасауға, іске қосуға және оны пайдалану рұқсатын бөлісуге мүмкіндік береді. Outline блоктауға төзімді етіп әзірленген. Ол сервердің реттелуін, оның ішінде серверіңіз қайда орналасатынын бақылауға мүмкіндік береді. Outline шынайы технологияны пайдаланады және бұл толықтай ашық кодты бағдарлама болып табылады. Технологиясы заманауи және қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін оны киберқауіпсіздік жөніндегі екі компания тексерген.

Блоктауға төзімділігі

Outline қолданбасы блоктаудың ең күрделі үлгілерінің кейбіріне, оның ішінде DNS жүйесін, контентті және IP протоколын блоктауға төзімді. Пайдаланушылар басқа танымал VPN серверлері блокталса да не жалғанбаса да, Outline жұмыс істей беретінін хабарлады.

Масштаб

Outline серверін пайдалану рұқсатын Outline Manager қолданбасынан тікелей әрі оңай бөлісіңіз. Бірегей рұқсат кілттерін компьютерге арналған Manager қолданбасынан жасап, сенімді қауымдастығыңызбен электрондық пошта не әлеуметтік желі арқылы бөлісіңіз. Outline арқылы серверіңізді пайдалануға рұқсат бере отырып, жүздеген пайдаланушыны қолдай аласыз немесе рұқсат кілтін жақын адамдарыңызбен бөлісе аласыз.

Басқару

Outline өз серверіңізді толық бақылай отырып, интернетті қалай пайдалана алатыныңызды басқаруға мүмкіндік береді. Серверіңіз қайда орналасатынын және оны кім пайдалана алатынын шеше аласыз. Outline Manager серверіңіздің әр пайдаланушысына трафик шектерін Client қолданбасы арқылы орнатуға мүмкіндік береді.

Бірге жұмыс істейтін екі өнім

Outline екі өнімнен тұрады. Олар Outline SDK-ның озық әрі негізгі технологиялары арқылы жасалған.

Outline Manager арқылы жеке VPN серверін оңай жасауға болады. Тікелей компьютерге арналған қолданбадан жеке серверіңізді реттеңіз және рұқсат кілттерін бөлісіңіз. Outline Manager қолданбасы барлық компьютер жүйесінде жұмыс істейді.

Outline Manager қолданбасын жүктеп алу

Outline Client – VPN-ді пайдалану рұқсатын қауымдастық мүшелерімен бөлісуге мүмкіндік беретін қарапайым, пайдалануға оңай қолданба. Барлық құрылғыңызды қорғау үшін қолданбаны мобильдік құрылғыға немесе компьютерге жүктеп алыңыз. Outline Manager арқылы жасалған бірегей рұқсат кілтімен серверге қосылыңыз.

Outline Client қолданбасын жүктеп алу

Қолданбалар мен VPN
құралдарын желі деңгейіндегі кедергілерден қорғау үшін Outline-ның жақсартылған желі стратегияларын пайдаланатын платформааралық жинақ пен құралдарды зерттеңіз.

Бастау

Сенімді интернет

Outline – ашық кодты бағдарлама, сондай-ақ ол Radically Open Security (2018, 2022) және Cure53 (2018, 2024) компанияларының тексеруінен өткен.

getoutline.me веб-сайты мен оның "@OutlineVpnOfficial" атты Telegram арнасының Outline ұжымымен байланысы жоқ, сол себепті сол қызметтердегі рұқсат кілттеріне қатысты мәселелері туындаған пайдаланушыларға көмектесе алмаймыз.